2025 жылғы сәуірдің 23-26 күндері аралығында Астанада 2009 жылы және одан кейін туған спортшылар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа 20 команда құрамында 440 спортшы қатысты, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Су спорты түрлерінен Түркістан облысының олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 4 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Облыс қоржынына медаль салған спортшыларды атап өтсек, Дария Тоқтобаева 200 метрге шалқалай жүзуде бірінші орын алып, 400 метрге еркін әдіспен жүзуде алтын жүлдеге ие болды. Ал Ерсайын Әлижан 400 метрге жекелей жүзуде және 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде екі алтын медаль еншіледі.
Жекелей қорытынды нәтижелер:
Тоқтобаева Дария:
200 метрге шалқалай жүзу – 1 орын
400 метрге кешенді жүзу – 2 орын
200 метрге кешенді жүзу – 2 орын
100 метрге шалқалай жүзу – 3 орын
800 метрге еркін әдіспен жүзу – 2 орын
400 метрге еркін әдіспен жүзу – 1 орын
Әлижан Ерсайын:
400 метрге кешенді жүзу – 1 орын
200 метрге кешенді жүзу – 3 орын
200 метрге еркін әдіспен жүзу – 2 орын
200 метрге баттерфляй әдісімен жүзу – 1 орын
400 метрге еркін әдіспен жүзу – 3 орын
Жүзуден Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Нұртілек Убайдулаевтың айтуынша, бұл жарыстарға еліміздің ең мықты спортшылары қатысқан. Жүлде бойынша жоспар орындалған.