Түркістан өңірінде велоспорттан республикалық чемпионат басталды

Түркістанда велоспорттан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Ресми ақпарат бойынша, 6 күнге созылатын жарысқа 18 өңірден 200-ге жуық велошабандоз қатысады екен. Іс-шараның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан велоспорт федерациясының бас хатшысы Жетес Сүлейменов, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Николай Лопатин және Қазақстан паралимпиадашылар федерациясының президенті Кенжеғұл Сейтжан қатысты. ҚР Велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов өткен жылдың есептік жиынында 2025 жылғы чемпионатты Түркістан облысында өткізу жоспарланғанын айтып, арнайы өткізу құқығын ресми түрде Түркістан облыстық федерация президенті Алмасхан Жамбаевқа тапсырған болатын.

«Бұл жарыс – өңіріміздің спорттық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Велоспорт – тек төзімділік пен шеберлікті ғана емес, сондай-ақ қайсарлық пен жеңіске деген ұмтылысты талап ететін спорт түрі. Біздің аймақ әрқашан спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен бұқаралық спортты қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде», –  деді әкімнің орынбасары Ертай Кенжебекұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Зияткерлік камералар полицияға халықаралық іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесті

Түркістан облысында 30 000 жаднама халыққа таратылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында 2000-нан астам оқушы «IQanat» Олимпиадасына қатыспақ

Пікір жазу