Түркістанда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

Түркістанда 28 маусым БАҚ қызметкерлері мерекесіне орай спартакиада өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жарысқа спорттың волейбол, шағын футбол,  үстел теннисі, арқан тартыс түрлерінен Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 10-ға тарта команда қатысты.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынды “Баспасөз хатшылары” командасы жеңіп алды. Ал, екінші орын “Turkistan” телеарнасына бұйырса, үшінші орынға “Тұран БАҚ” командасы жайғасты. Сондай-ақ, үздік ойыншылар да марапатталды. Барлық жеңімпаздарға қаржылай сыйақы табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Төлебиде дзюдодан республикалық турнир өтті

Өртке қарсы үлкен дайындық: Түркістанда 9,6 мың шақырым қорғаныс жолағы жүргізілді

Redaktor Arysinfo

Шымкентте төрт күнде 5 368 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді