Түркістанда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті

Бүгін Түркістанда 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

-Қасиетті Түркістан өңірінің дамуында сіздердің үлестеріңіз мол. Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл бастама аймақта мәдениет саласын дамытуға да серпін береді. Өңірде көптеген мәдениет ошақтары салынып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Өнер мен мәдениет саласының дамуындағы үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білідіремін.  Облыс орталығына айналған қасиетті шаһарда руханиятқа, өнерге айрықша көңіл бөлініп келеді. Мұның бәрі Түркістанның жаңаша бағытта дамуына жасалған оң қадамдар деп білеміз. Алдағы уақытта да Түркі әлемінің рухани бағдарына айналған шаһарда мәдени іс-шаралар жалғасады, – деді облыс басшысы.

Жиын барысында елдің әлеуметтік-мәдени және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мәдениет қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды.

Өңір басшысы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директор орынбасары Нұрлан Дүкенбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалін, «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айгорим Мусагажиноваға және «TURKISTAN SILK WAY HARBOR» ЖШС-нің бөлім меңгерушісі Махсад Халметке «Шапағат» медалін, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртісі Айжан Ахмухановаға табыстады. Сондай-ақ бір топ өнерпаз ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі,   ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзаттың өліміне қатысты іс: күдіктілер өз кінәсін мойындаудан бас тартуда

berdaly_oraz

Шымкентте 120 тұрғын үй мен кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды

Қазақстандықтар вирустық гепатитке скринингтен өтеді

berdaly_oraz

Пікір жазу