Түркістанда Ұлттық кітап күні құрметіне әскери бөлімде жылжымалы кітапхана пункті ашылды

Бүгін, 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, кітап оқуды кеңінен насихаттау және әскери қызметкерлердің рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында Түркістандағы ҚР Ұлттық Ұланына қарасты 5574 әскери бөлімінде, «Фараб» кітапханасының №6 жылжымалы пункті ресми түрде қолданысқа берілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кітапхана әскери қызметкерлердің бос уақытын тиімді пайдалануына, көркем, танымдық және патриоттық әдебиеттерге қолжетімділік алуына толық мүмкіндік береді.

Бұл шара – кітапты ұлықтау арқылы қоғамның барлық саласында, соның ішінде әскери ортада да оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жылжымалы пункт тек әскери қызметкерлердің рухани сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына да ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Қазақстанда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру мүмкіндігі енгізілді

berdaly_oraz

Түркістандық боксшылар Коротков турнирінде топ жарды

Пікір жазу