Түркістанда «Жасыл белдеу» жайқалып келеді

Түркістан қаласы аумағында «Жасыл белдеу» құру мақсатында отырғызылған орман ағаштарының саны артып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Бірлік алқабындағы «Жасыл белдеу» жұмыстарымен танысып, қаладағы «Жасыл аймақ» мекемесіндегі орман тұқымбағы мен жылыжайларын аралап көрді. Өңір басшысы «Жасыл белдеуге» жауаптыларға көшеттерді күтіп-баптау және көгалдандыру жұмыстарын одан әрі жандандырып,  суару жүйесін жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан қаласын шаң-тозаңнан сақтап, экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы Түркістан қаласының айналасына «Жасыл белдеу» құрылды. Облыс әкімінің қолдауымен  бүгінгі таңға дейін 29 544,0 ге жер мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылған. Оның ішінде Түркістан қаласы 2852,0 га, Сауран ауданы 19362,0 га және Отырар ауданы 7 330,0 га аумақты құрайды.

Қала айналасынан 2019-2024 жылдар аралығында  жалпы 18 071,0 га жерге әртүрлі жапырақты ағаштар отырғызылған. Атап айтсақ, жапырақты ағаш көшеттері – 8 337,0 га, сексеуіл екпелері – 9 734,0 га.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев «Жасыл белдеудің» қазіргі жағдайы туралы мәлімдеп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Орман екпелерін суару мақсатында  237  ұңғыма қазылып, «Арыс-Түркістан» каналы, «Қосқорған» су қоймасы мен Қарашық өзенінен су тарту жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда мекеменің аумағында 90 % электр желісі тартылған. Электр желісі тартылған учаскелерде 24 сағат суару мүмкіндігі бар. Ал қалған 10 % бензинді және дизельді мотопомпалармен суарылады. Мекемеде 100 гектар жер аумағында ағаш-бұта көшеттерін өсіруге тұрақты және 20 гектар уақытша орман тұқымбағы ұйымдастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау – кәсіби даму мен ашықтыққа бастар жол

berdaly_oraz

Түркістанда діни радикализмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

berdaly_oraz

Түркістан облысындағы колледждерде жұмысшы мамандығына басымдық беріледі

Пікір жазу