Түркістандағы Тәуке хан даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Түркістан облысында инфрақұрылымды, жолдар сапасын жақсарту жұмыстары толастаған емес. Бұл мәселелер – облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Жуырда өңір басшысы Түркістан қаласындағы жол жөндеу жұмыстарын қадағалап, тиісті тапсырмалар берген болатын, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бүгінде Түркістан қаласының негізгі көше желісінің бірі – Тәуке хан даңғылында жүргізілген жол жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Жалпы ұзындығы 5,1 шақырымды құрайтын даңғыл Абылай хан көшесінің қиылысына дейін жөнделіп, жаңартылды.

Жөндеу барысында ескі асфальт жабындысы арнайы техникамен толықтай алынып тасталды. Оның орнына ірі және ұсақ түйіршікті жаңа асфальт қабаты төселіп, жол сапасы мен ұзақ мерзімге шыдауын қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары заманауи талаптарға сай жүргізілді. Сондай-ақ Тәуке хан даңғылы бойындағы жол белгілері және қиылыстар мен кірме жолдарға жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өтті

berdaly_oraz

Ертең Арыста жалпы қалалық сенбілік өтеді

berdaly_oraz

Көкөніс пен жұмыртқа арзандады: азық-түлік бағасы төмендей бастады

Redaktor Arysinfo