Ұлттық домбыра күні — мәдениеттің мәңгілік коды

Шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Бұл күн – тек бір аспапты дәріптеу ғана емес, ұлттың рухани жадын, тарихи тамырын, көркемдік танымын жаңғыртатын маңызды дата.

Домбыра – жай аспап емес, ұлттың үні. Ол – Дала философиясы, жыраулардың жадындағы шежіре, көкірекпен жазылған күй, тектіліктің темірқазығы. Ғасырлар бойы домбыра қазақпен бірге жасап, елмен бірге еңселеніп келеді. Оның күмбірі – бабалардың аманаты.Қазақ баласы домбыраның үнімен бой түзеп, күй тыңдап ой түзеді. Ол – саз арқылы мінезді тәрбиелеудің, сұлулықты сіңірудің құралы. Әр үйде домбыраның ілулі тұруы – бұл дәстүр мен ділдің жалғасуы.

Ұлттық брендке айналған домбыра – халықаралық деңгейде танылып келеді.

UNESCO тізіміне енгізілген күйлеріміз, шетел сахналарында ойналып жатқан туындылар – қазақ руханиятының жаһандық ауқымда мойындалуының нышаны. Ұлттық домбыра күні – ұлт болмысын сезіну, тамырын тану, жүрекпен есту күні. Осы мерекеде әр қазақ кем дегенде бір күй тыңдап, домбыра үніне құлақ түрсе – тарихпен тілдескені.  Домбыра – біздің үнсіз сөйлейтін тіліміз, өшпес рухымыз, бабадан қалған аманат.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі басталды

Енді жедел жәрдем қызметкерлері видеожетонмен жұмыс істейді

berdaly_oraz

Жолда қалған жүк көлігінің шетелдік жүргізушісі қазақстандық полицейлерге алғысын білдірді

berdaly_oraz

Пікір жазу