«Виза да,ақша да жоқ»Астаналық жігіт АҚШ-қа виза аламын деп алаяққа алданып қалды

Астаналық Ғалымжан есімді жігіт АҚШ визасын аламын деп 5430 долларын алаяққа беріп, нәтижесінде не виза, не ақшасын қайтара алмаған.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Әйел адам АҚШ-қа визаны «100% алып беремін» деп уәде берген, ал егер нәтиже болмаса, ақшаны қайтаратынын айтқан. Бірақ бір жылдан астам уақыт өтсе де, ештеңе шешілмеген.

Жәбірленуші полицияға арыз жазып, хат алмасулар мен басқа да дәлелдерді көрсеткен. Алайда тергеушілер «қылмыс құрамы жоқ» деп істі жауып тастаған, прокуратура да арызды қараудан бас тартқан. Қазір жігіт құқық қорғау органдарының шешімімен келіспей, әділдік іздеп жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Түркістан облысының үздік мамандарын марапаттады

Мәлік Отарбаев: «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ – бұл бәрімізге ортақ міндет»

berdaly_oraz

Нұралхан Көшеров маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлармен кездесті

Альфия Адамбек