Жамбыл облысында 3 қыз газдан уланып мерт болды

Жамбыл облысы Мерке ауданы Сарымолдаева ауылында 19 сәуірде кәмелетке толмаған үш қыз газдан уланып, мерт болды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бұл жөнінде Жамбыл облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Департаменттің айтуынша, 3,5 және 7 жастағы қыздар үйде жалғыз болған. Сенбі күні таңертең анасы оларды сырттан жауып, кетіп қалған. Үйіне келгенде газдың иісін сезген. Есінен танып қалған қыздарды анасы ауруханаға апарғанмен кеш болған. Олар естерін жимай, реанимацияда көз жұмған.

Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатқаны хабарланды. Балалардың жақындарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

«Оқыс оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды»-делінген баспасөз хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жол белгілері мен жолақтар жаңартылуда

«Шу қаласынан шу шықты»: Дәрігерлер жүкті әйелдің мәйітін жертөледе жасырған

berdaly_oraz

ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШҚА ҚАЙТА БЕТ БҰРДЫ: БАЙҚОҢЫРДАН ӘЛЕМДІК ОРБИТАҒА ДЕЙІН

Redaktor Arysinfo