Жетісу облысында білім бөлімінің бухгалтерлері сотталды

Жетісу облысында білім бөлімінің бухгалтерлері қызметкерлердің шотына белгіленген жалақыдан артық аудару арқылы 1,6 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған. Бас бухгалтер 8 жылға сотталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, бір топ қызметкерлер лауазымдарын пайдаланып ақша жымқыру үшін түрлі тәсілдер қолданған. 

“Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 миллиард теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Талдықорған қалалық соты «Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, «Қазпошта» АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды”, – делінген хабарламада. 

Сот үкімімен Құрманғалиеваға 8 жыл, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Израиль мемлекеті кнессетінің төрағасын қабылдады

Түркістан облысында бопсалау және қаруды заңсыз сақтаумен айналысқан топ ұсталды

berdaly_oraz

Арыста балаларға арналған «Бақытты балалық шақ» мерекелік шарасы өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу