Зияткерлік камералар полицияға халықаралық іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесті

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алты жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Күдікті есірткіні заңсыз сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін 2019 жылдан бері іздеуде болған. Ол адамның бетін тану функциясы бар «FaceID» смарт камерасының көмегімен ұсталды.

Қазіргі уақытта полиция жедел-тергеу іс-шараларынжалғастыруда. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері іздеуде жүрген 22 қылмыскерді, оның ішінде халықаралық іздеуде жүрген 10 адамды анықтап ұстады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент полицейлері көрші елге жеткізуі керек затты сатып жіберген адамды тапты

Трамп пен Путин Украинадағы соғысты тоқтату бойынша келіссөздер бастамақ

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесті

Пікір жазу