Түркістанда ауыз су саласындағы халықаралық әріптестік талқыланды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Испанияның «Aqualia» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен ауыз су саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Кездесу барысында облыс басшысы Түркістанда инфрақұрылымды жаңғырту, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу, халықаралық тәжірибені пайдалану және су ресурстарын тиімді басқарудың маңызына тоқталды.

«Түркістан – қарқынды дамып келе жатқан өңір. Мұнда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалған. Біз тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды талқылауға және әріптестік орнатуға дайынбыз», – деді Нұралхан Көшеров.

«Aqualia» компаниясының Орталық Азия бойынша бас директоры Хосе Мигель Сантос Гонсалес су инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Тараптар өңірдегі ауыз су жүйелерін жаңғырту, инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру және инвестициялық ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды.

Еске сала кетейік, «Aqualia» – әлемнің 18 елінде жұмыс істейтін халықаралық оператор, су ресурстарын басқару және сумен жабдықтау саласында қызмет көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Дермене ауылында цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

berdaly_oraz

Тоқтар Әубәкіров әріптесі Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды

Өңірлік жаңалықтар: Жетісай ауданында «Қоныс аудару” жәрмеңкесі өтті

Альфия Адамбек