ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА «АКВАГРИМ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Бүгін Жетісай ауданында референдум барысында дауыс беруге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында аквагрим жасалды. Шара барысында балалар мен тұрғындар ерекше безендіріліп, мерекелік атмосфера қалыптасты.

Сондай-ақ, Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия ауылы округіндегі №295 учаскеде «Аквагрим» акциясы аясында сайлаушылар дауыс берді. Аталмыш ауылдың тұрғындары өз таңдауларын жасаудан бөлек, шығармашылықпен де танысып, түрлі-түсті суреттер және бояулармен беттерін сәндеп, көңіл-күйін көтерді.

Мәдени шара мен саяси науқанның бірлесуі тұрғындарға ерекше әсер қалдырып, референдум учаскесінің атмосферасын мерекелік көңілмен толықтырды. 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Нұржан Қосмамбет атындағы бокс академиясы ашылды

Түркістанда еліміздегі алғашқы супервизия үйлестіру орталығы ашылды

berdaly_oraz

Бокстан әлем кубогында Түркістан облысының 2 спортшысы жүлдегер атанды

Альфия Адамбек