«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Референдумға қатысу – тек құқық қана емес, сонымен бірге азаматтық борыш. Әр азамат дауыс беру арқылы қоғамдағы маңызды өзгерістерге өз үлесін қосады. Егер халық белсенді болып, өз пікірін білдірсе, қабылданған шешімдер де халықтың еркіне негізделеді. Бұл демократиялық қоғамның дамуына ықпал етеді»-деді ол.

Аталған учаскеде таңғы уақыттан бастап тұрғындардың белсенділігі жоғары. Дауыс беруге 18 жасқа жаңадан толған жас сайлаушылардан бастап, аға буын өкілдері мен зейнеткерлер де қатысып, елдің қоғамдық-саяси өміріне бей-жай қарамайтындарын көрсетуде. Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанның жаңа дизайн коды таныстырылды: қаланың сәулеттік бірегейлігін сақтау көзделуде

berdaly_oraz

Тоқаев: Президент мерзімінен бұрын кетсе, сайлау екі ай ішінде өтуі тиіс

berdaly_oraz

Жетісайдағы құрылыстар қатаң бақылауға алынды: облыс әкімінің орынбасары кемшіліктерді жоюды талап етті

Redaktor Arysinfo