ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАН-ҚАЛАЛАРЫНДА ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің ресми парақшасынан алынды
Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысының аудан, қалаларында Ұлттық киім күні жоғары деңгейде өткізілді. Мемлекеттік және өзге де мекеме қызметкерлері ұлттық киім кисе, ұлттық киімді дәріптеген мазмұнды іс-шаралар да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Шардара ауданында Наурыз мерекесіне орай Ұлттық киім күні аясында «Өмірге сән сыйлаған аналар» тақырыбында өнегелі жиын өтті.
Іс-шараны Шардара ауданы әкімдігінің «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары мен «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы бірлесе үйлестірді.
Сондай-ақ, Жетісай ауданында да Ұлттық киім күні кең көлемде аталып өтті. Мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор мерекелік шараға аудан әкімдігі өкілдері мен тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы киімдерге ерекше мән беріліп, көктемнің жаршысындай құлпырған жастар мен аудан өнерпаздары әсем ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Түрлі-түсті ұлттық киім киген қатысушылар алаңға сән беріп, халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеді.

Ұқсас жаңалықтар

Әуезов театры Түркістанда 5 күн бойы үздік қойылымдарын сахналайды

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орында

Түркістанда кеден бекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық кедергілерін жою бойынша шаралар қабылдануда