18 наурыз – Ұлттық киім күні: дәстүр мен рух сабақтастығы

Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні ретінде атап өтілуде. Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы мен ұлттық болмысын дәріптейтін ерекше мереке.

Арыс қаласында бұл күнге орай мемлекеттік қызметшілер ұлттық нақыштағы киім киіп, ата-баба дәстүрін ұлықтады. Әрбір ою-өрнек пен киім үлгісі арқылы қазақ халқының талғамы мен дүниетанымы көрініс тапты.

Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлері түрлі ұлттық киім үлгілерін ұсынып, көпшілікке халқымыздың бай тарихын таныстырды.

Ұлттық киім күні – өткен мен бүгінді жалғап, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттайтын маңызды мереке.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста тазалық талаптарын бұзған 346 азаматқа шара қолданылды

berdaly_oraz

Бір күнде төрт өңірде орман өрті тіркелді: мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды

Redaktor Arysinfo

«Фараб» кітапханасы – руханияттың шамшырағы: 5 жылдық мерейтой аталып өтті

Redaktor Arysinfo