ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАҢАРУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 500 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Отырар ауданында Жаңару күні қарсаңында кең көлемді көгалдандыру шарасы өтті. Акция барысында 500 түп жеміс ағашы отырғызылып, өңірдің жасыл аймағын кеңейтуге үлес қосылды.

Игі іске аудан басшылығы, ардагерлер, студенттер мен жастар белсене қатысып, табиғатты қорғаудың маңызын көрсетті.

Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, өңірдің көркеюіне оң әсер етеді.

Айта кетейік, ағаш отырғызу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, аудан аумағында жасыл желекті көбейтуге бағытталған кешенді шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының орталығындағы «Батырлар алаңында» салтанатты іс-шара өтті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында есірткіге қарсы акцияға 5 мың тұрғын қатысты

Redaktor Arysinfo