Түркістан: Қазығұртта Наурыз аясында ұлттық киімдер дәріптелді

Қазығұрт асуындағы «Нұх Пайғамбар» мемориалдық кешенінда Наурызнама онкүндігі аясында «Ұлттық киімдер шеруі» өтті.

Шара барысында әр жастағы тұрғындар ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын көпшілікке таныстырды. Сонымен қатар, қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарға толы дастархан жайылды.

Ақсақалдар батасын беріп, жастар ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл көрініс ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың маңызын айқындай түсті.

Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен рухын айшықтайтын асыл мұра.

Ұқсас жаңалықтар

Көне Отырарға жаңа көзқарас: туристік әлеует артып келеді

Redaktor Arysinfo

«Таза Қазақстан» – болашаққа бастар жарқын қадам!

Альфия Адамбек

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алды

berdaly_oraz