Кентауда бұлақтар тазартылды: 20 тонна қоқыс шығарылды

Түркістан облысы, Кентау қаласы аумағына қарасты Хантағы ауылында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Акцияға қала әкімі Жандос Тасов, мемлекеттік қызметкерлер, ауыл тұрғындары, еріктілер мен белсенді жастар қатысты. Қала басшысы қатысушыларға алғыс білдіріп, қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Шара барысында тау бөктеріндегі бұлақ көздері аршылып, су арналары мен жағалаулар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Жалпы 400-ден астам адам жұмылдырылып, 10-нан аса арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды шаралар өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, тұрғындарды табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға үндейді.

Айта кетейік, «Мөлдір бұлақ» акциясы облыс көлемінде кеңінен ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін бастама Түлкібас ауданында басталып, оған өңір әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста құқықтық оқыту отырысы өтті

Өңір жаңалықтары: Ордабасыда тұқымбақтар саны артып келеді

Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарында салынып жатқан нысандардың құрылысы зерделенді