ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАРҒА БІР ЖЕРДЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕТІН КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы қол қойған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енді. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абылайұлы брифингте мәлімдеді.

Бүгінде Түркістан облыстық полиция бөлімдерінің жанынан жаңа форматтағы 17 кабинет ашылған. Бұл орталықтар «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға бағытталып, тұрғындарға кешенді көмек көрсетіп жатыр. Онда тек полиция қызметкерлері ғана емес, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау саласының мамандары бірлесе жұмыс істейді. Нәтижесінде халық  жан-жаққа сабылмай,  құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қолдау бір жерден ала-алады.

«Жаңа кабинеттердің басты міндеті – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, маскүнемдік пен нашақорлықпен күресу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту. Қысқа мерзім ішінде бұл бастама өз нәтижесін көрсетті. Жалпы 790 азаматқа нақты көмек көрсетіліп, профилактикалық жұмыстардың арқасында бірқатар құқық бұзушылық түрлері айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру 16,7%-ға, ұрып-соғу 18,2%-ға, есірткі тұтыну 21,7%-ға, ал тұрмыстық жанжалдарға байланысты құқық бұзушылықтар 32%-ға азайған» — деді спикер Қайсар Абылайұлы

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСЕДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының ескекшілері ел чемпионатында 30 медаль жеңіп алды

Түркістан облысында ұрлық жасаған ер адам заң жүзінде жазаланды