Мемлекет басшысының тапсырмасымен  отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың университеттер жанынан технологиялық парктер құру және ғылымды өнеркәсіп саласына интеграциялау жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында іске асырылады. Diatomite зауыты – Satbayev University базасында жүзеге асырылып жатқан Technopark Stroytech ірі инновациялық жобасының құрамдас бөлігі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауына ие болған жоба Satbayev University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Металлургия және кен байыту институты, сондай-ақ индустриялық серіктес – «Savenergy» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өткендей, жобаның бірегейлігі ғылым мен бизнестің тиімді кооперациясында:

«Бұл жоба – университеттердің тек кадр даярлау орталығы ғана емес, сонымен қатар индустриялық дамудың драйверіне айналуының нақты үлгісі. Мұндай тәжірибені еліміздің барлық өңірінде кеңінен тарату жоспарланып отыр».

Жобаның негізгі ерекшелігі – жергілікті минералдық шикізат пен қайта өңделген өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану. Satbayev University профессоры-зерттеушісі Руслан Нұрлыбаевтың айтуынша, әзірленген технологиялар жаңа құрылыс материалдарын жасап қана қоймай, оларды өнеркәсіптік өндіріске сәтті енгізуге мүмкіндік берді.  Қолданылатын технологиялық шешімдер патенттермен қорғалған. 

ҚР жаңа Конституциясында айқындалған елдің стратегиялық бағытын іске асыру аясында білім мен технологияға негізделген экономиканы дамыту айрықша маңызға ие. Осыған байланысты ғылыми қауымдастықты экономиканың қолданбалы салалық міндеттерін шешуге тарту басым бағыттардың бірі.

Кәсіпорын базасында жаңа буын мамандарын даярлауға арналған оқу-зертханалық кешен жұмыс істейді. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулерге қатысуы, сондай-ақ инновациялық құрылыс материалдарын сынақтан өткізу көзделген. Алдағы уақытта өнім түрлерін кеңейту, өндірістік қуаттарды арттыру және технологиялық шешімдерді еліміздің өзге өңірлеріндегі ұқсас кәсіпорындарда енгізу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҒАЛАДЫ

berdaly_oraz

Кибералаяқтық бақылауда: Түркістанда өткен форум мыңдаған адамды біріктірді

berdaly_oraz

БАСТЫ ҰСТАНЫМ: СЕНІМ. БІРЛІК. ДАМУ.

Redaktor Arysinfo