АРЫСТА АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ: ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

2026 жылдың 11 сәуірінде Арыс қаласы ерекше спорттық шараға куә болды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардагері Лесұлы Төретайдың 50 жас мерейтойына орай 50 жастан асқан ардагерлер арасында шағын футболдан ашық турнир ұйымдастырылды.

Аталған жарыс – тек спорттық бәсеке ғана емес, аға буын өкілдерінің салауатты өмір салтын насихаттауға, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған тағылымды іс-шара болды. Турнирге әр өңірден жиналған ардагерлер қатысып, өзара шеберліктерін сынады.

Жарыс барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерге тартысты матчтар сыйлады. Әсіресе, жасы елуді еңсерсе де, алаңдағы ширақ қимыл мен тәжірибенің үйлесімі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жарысқа 10 каманда қатысып  3- орын ШЧ-38, БЖСМ командалары 2-орын БІЛІМ 1-орын ДИНАМО командасы иемденді. Ойынға 70-80 адамды қамтыды. 

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, мерейтой иесіне құрмет көрсетілді. Ұйымдастырушылар мұндай турнирлердің маңызы зор екенін атап өтіп, ардагерлер арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға үлес қосатынын жеткізді.

Бұл турнир – өмірдің қай кезеңінде де спорт пен сергек рухтың маңызын дәлелдеген жарқын үлгі болды.

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛТАҢБАҒА ҚҰРМЕТ ПЕ, ӘЛДЕ ЗАҢ БҰЗУ МА? ҚОҒАМДЫ ОЙЛАНДЫРҒАН ОҚИҒА

Жолдау жүктеген міндеттер

Redaktor Arysinfo

Ресейдің энергетика министрі тоқаевқа путиннің хабарламасын жеткізді

berdaly_oraz