ТАЗАЛЫҚҚА САЛҒЫРТТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ: КЕЛЕСТЕ 23 ТҰЛҒА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Алайда қоғамдық орындарды ластап, белгіленген талаптарды елемейтін азаматтар әлі де бар. Келес ауданында жүргізілген кезекті рейд барысында тазалық талаптарын бұзудың бірқатар дерегі анықталып, 23 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында құрылған мобильді топ Келес ауданында рейдтік іс-шара өткізді.

Мамандар саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары, базарлар және халық көп шоғырланатын қоғамдық аумақтарды аралады. Нәтижесінде тазалық талаптарының сақталмауына қатысты 18 факт анықталды.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 1-бөлігіне сәйкес 23 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.

Рейдтік жұмыстар тек жазалаумен шектелмейді. Мобильді топ тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.

Тазалық – бір күндік науқан емес. Осы бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар Түркістан облысында тұрақты түрде жалғаса береді.

Қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН 20 МЫҢНАН АСА АДАМ ӘКІМШІЛІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo

Арыс қаласында мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті