Түркістан қаласында садақ атудан Қазақстан Республикасы кубогының ІІ кезеңі бастау алды. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл додаға еліміздің әр өңірінен үздік мергендер жиналып, өзара мықтыны анықтауға кірісті.
Жарысқа қатысушылар классикалық және блочный садақ түрлері бойынша бақ сынап, жеке және командалық есепте сынға түсуде. Турнирдің басты мақсаты – ұлттық құраманың әлеуетін арттырып, халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларды іріктеу.
Бірнеше күнге жалғасатын жарыс барысында қатысушылар дәлдік пен төзімділікті талап ететін сайыста жоғары нәтиже көрсетуге тырысады. Сонымен қатар, бұл турнир жас спортшылар үшін тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдауға үлкен мүмкіндік.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс жоғары деңгейде өтіп, барлық талаптарға сай ұйымдастырылған. Көрермендер үшін де тартысты бәсеке мен әсерлі сәттерге толы күндер күтілуде.
Айта кетейік, садақ ату спорты елімізде қарқынды дамып келеді. Осындай республикалық жарыстардың өткізілуі спортшылардың кәсіби деңгейін көтеріп, бұқаралық спортты дамытуға серпін береді.
