Түркістан: Қазығұртта балалар күніне орай мерекелік шара өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазығұрт ауданында «Бала күлкісі – баршаға ортақ қуаныш» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында балаларға шаттық сыйлайтын концерттік бағдарламалар мен спорттық сайыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев сөз сөйлеп, балғын бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, «Балалар – ел ертеңі, ұлт болашағы. Олардың бақытты балалық шағы үшін жағдай жасау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Білімді, саналы, дені сау ұрпақ тәрбиелеу – мемлекетіміздің басты мақсаты» деді.

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары мәдениет, спорт, білім мен ғылым салаларында жетістікке жетіп, аудан абыройын асқақтатып жүрген жастарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік шара аясында аудандағы  мүмкіндігі шектеулі балалар да ұмыт қалмай, мерекелік сыйлықтар тарту етілді. Мерекелік шараға қатысқан бүлдіршіндер «Бейбіт өмір мен жарқын болашақ – балалар үшін!» деген ұранмен мерекені қорытындылады.

Ұқсас жаңалықтар

МАҚТААРАЛ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Redaktor Arysinfo