11 АСПАПТА ОЙНАЙТЫН САРБАЗ  

11 музыкалық аспапта еркін ойнайтын сарбаздың есімі — Рамзат. Ол Ұлттық ұланның Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде борышын өтеп жүр.

Жауынгер домбыра, шертер, гитара, бас-гитара, кахон, дарбука, дабыл, тұяқтас сынды ұлттық және ұрмалы аспаптарды еркін меңгерген.

Рамзат Азизұлы 21 жаста. Жуалы ауданының тумасы. Оның ата-анасы да өнерге жақын.

Ол Астанадағы «Шабыт» колледжін «бас домбыра» мамандығы бойынша бітірген. Әскерге дейін елордадағы «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблінде өнер көрсетіп, түрлі тележобаларға қатысқан.

Бүгінде бөлімшеде оның қабілетін шыңдауға барлық жағдай жасалған. Сондықтан, әскери бөлімнің мәдени іс-шараларына белсене қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАҢА ҚОНЫС – 2026» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Мектеп емтихандарының мерзімі Құрбан айт мерекесіне байланысты өзгеруі мүмкін

berdaly_oraz

Он жылдан кейінгі үміт: Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай елге орала ма?

berdaly_oraz