ТҮРКІСТАНДА «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ» ФИЛИАЛЫ АШЫЛЫП, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮШЕЙЕДІ

Түркістан қаласында Банк Центр Кредит АҚ-ның облыстық филиалы ашылып, өңірдің қаржы секторындағы мүмкіндіктері кеңейе түсті. Бұл қадам кәсіпкерлікті дамыту мен тұрғындарға сапалы банк қызметтерін ұсынуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағалануда.

Аталған оқиға аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек банк өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Нұрлан Шегебаев және өңірлік филиал директоры Нұрсұлу Егембердиева қатысты.

Кездесу барысында тараптар қаржы саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және өңір экономикасын дамыту бағыттарын талқылады. Әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау, халыққа қолжетімді қаржылық қызметтерді ұсыну мәселелеріне басымдық берілді.

Жаңа филиалдың ашылуы – Түркістан облысында инвестициялық белсенділікті арттырып, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынатын маңызды қадам. Сонымен қатар, бұл бастама өңір тұрғындары үшін заманауи банк қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға сеп болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне арналған баспасөз орталығы жұмысын бастады

Redaktor Arysinfo

Болашақта халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылуы мүмкін

berdaly_oraz

Ақтаулық өнерпаздар Грузияда ел мерейін үстем етті: 7 Гран-при Қазақстанға бұйырды

Redaktor Arysinfo