АРЫСҚА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АСЫЛ АЗАМАТ БАҚИЛЫҚ БОЛДЫ

Арыс өңірінің ардақты азаматы, елге сыйлы абыз қария Қабыштайұлы Әбдікәрім қажының 87 жасқа қараған шағында дүниеден озуына байланысты қабырғамыз қайысып, қайғыға ортақтасамыз.

Ғұмырын туған жерінің гүлденуіне арнаған марқұм ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында табанды еңбек етіп, өңірдің дамуына зор үлес қосты. Өзінің бай тәжірибесі мен көрегендігі арқылы талай жасқа бағыт-бағдар беріп, елдің ынтымағы мен тұтастығын нығайту жолында аянбай қызмет етті.

Әбдікәрім қажының кішіпейілдігі, кең пейілі мен адамгершілік қасиеттері оны көпшілікке қадірлі етті. Ол кісінің өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі ел есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Осы орны толмас ауыр қайғыға байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғы-қасіреттеріңізге ортақпыз.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 1-сынып оқушысы құрылыс шұңқырына құлап мерт болды

Альфия Адамбек

Жолдағы тәртіпті дрондар бақылайды: жаңа жүйе іске қосылмақ

berdaly_oraz

Қарағандыда ауыл әкімі қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды

berdaly_oraz