ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Түркістан қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында облыс тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Жеке қабылдауды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жүргізді.

Қабылдау барысында Түркістан, Арыс, Кентау қалаларынан және Ордабасы ауданынан келген азаматтар өз мәселелерін ортаға салды. Негізінен тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтердің сапасы және инфрақұрылымды дамыту бағыттарындағы түйткілдерді көтерді.

Кездесу барысында әрбір өтініш жеке қаралып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Кейбір мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, бірқатар түйткілдер заң аясында шешу үшін бақылауға алынды.

Мұндай қабылдаулар өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жергілікті билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

«Туған күн тойлап,мәз-мейрам» Алматы облысында 16 жастағы Шерзатты өлтірді деген күдікке ілінгендердің тергеу изоляторында дастархан жазған видеосы желіде тарады

berdaly_oraz

“Мұстафа, Мұса, Хадия”: Шымкентте үшем дүниеге келді

Түркістан: жыл басынан бері 74 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды