АСТАНАДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Астана қаласында 16–20 сәуір күндері Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ұйымдастыруымен коммуналдық сала қызметкерлері арасында футзалдан «Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогі – 2026» республикалық турнирі өтті.

Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир барысында командалар жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, тартысты кездесулер жанкүйерлердің қызығушылығын арттырды.

 Нәтижесінде Түркістан облысы құрамасы тамаша ойын көрсетіп, қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды иеленді. Облыс намысын қорғаған команда ұйымшылдығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыс жеңімпаздары арнайы кубокпен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл жетістік – коммуналдық сала қызметкерлерінің тек кәсіби қызметте ғана емес, спортта да белсенді әрі бірлікте екенін айқын көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай жарыстар сала мамандары арасында тәжірибе алмасуға және салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ТӘРБИЕШІЛЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ «БЕКЗАТ» ПРЕМЬЕРАСЫН ҰСЫНДЫ

Redaktor Arysinfo