Алтынға бір қадам: Қазақ балуандары Венгрия төрінде финалға жол ашты

Венгрияда өтіп жатқан халықаралық еркін күрес турнирінде Қазақстан құрамасының қос балуаны – Нұрқожа Қайпанов пен Асыл Айтақын финалға шығып, жанкүйерлердің үмітін үдете түсті. Екі спортшы да сенімді белдесулер өткізіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Асыл Айтақын шешуші белдесуде Түркия өкілі Толга Өзбекпен кездеседі. Ал 74 келідегі тәжірибелі Нұрқожа Қайпанов финалда Қытай балуаны Фэн Лумен күш сынасады. Бұл белдесулер Қазақстан қоржынына алтын жүлде салатын маңызды сын болмақ.

Сонымен қатар, 57 келіде белдескен Нұрданат Айтанов қола медаль үшін канадалық Тимоти Левайнға қарсы кілемге шығады.

Қазақстандық балуандардың Венгриядағы табысты өнері ұлттық құраманың халықаралық аренадағы әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті. Енді жанкүйерлердің назары – финалдық белдесулерде. Барша ел қос қазақ балуанының алтын тұғырға көтерілетініне сенім артып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақтың төрт қайсар қызы Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды

Redaktor Arysinfo

Қазақ қыздары шаршы алаңда жарқырады: Назым мен Алуа жартылай финалға жол ашты

Redaktor Arysinfo

АРЫСТЫҢ АРУЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ: ЕЛ ҮМІТІ – КАУСАРДА!