Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
– Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта

Ұқсас жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ПАВЛОНИЯ ӨСІРУ АРҚЫЛЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚТАР ҰЛҒАЮДА

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалықтары: Ордабасылықтар Қажымұқан Мұңайтпасұлының 154 жылдығын атап өтті

Арыста жылу маусымы толық басталды: әкім негізгі қазандықтардың жұмысын тексерді

berdaly_oraz