Монтайтас: Атамекен ауыл тұрғындары көше жарығының толық жанбайтынын айтып, шағымдануда

Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Монтайтас елді мекеніндегі Атамекен ауылының тұрғындары көшелердегі жарықтың толық жанбайтынына шағымдануда. Олардың айтуынша, көше шамдары ұзақ уақыттан бері істен шығып, қараңғылық басқан.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Ауыл тұрғындары қараңғы түскеннен кейін көшелерде жүру қиынға соғатынын айтып, алаңдаушылық білдіруде. «Кейбір бағаналарда жарық болса, басқалары мүлде жанбайды. Бұл әсіресе балалар мен жаяу жүргіншілер үшін қиын,» – дейді ауыл тұрғындары.

Жергілікті халық көше шамдарының толыққанды жұмыс істеуін талап етіп, жауапты мекемелерден мәселені шешуді сұрайды. Олар жарықтандыру жүйесінің қайта қалпына келтірілуі үшін тиісті органдардың назар аударуын өтінеді.

Тұрғындардың айтуынша, мәселе бірнеше айдан бері шешімін таппай келеді. Сондықтан олар жергілікті әкімдік пен электрмен жабдықтау мекемелерінен көше жарығын қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

В 2026 году в Казахстане планируется трудоустроить свыше полумиллиона человек

Redaktor Arysinfo

Түркістанда өткен халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті

berdaly_oraz

ТҮРКИЯ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА 920 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫ ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

Redaktor Arysinfo