Қазақстанда 2027 жылдан бастап балабақшалар лицензия бойынша жұмыс істейді

Сурет: Pixabay.com

Қазақстанда 2027 жылдан бастап балабақшалар лицензия бойынша жұмыс істейді,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелері лицензиялауға жатады. Бұл өзгеріс білім беру саласындағы лицензиялау тізіміне енгізілген толықтыруларға сәйкес жүзеге аспақ.

Білім беру саласындағы сапаны арттыру мақсатында қабылданған бұл шешім балабақшалардың қызметін бақылауға алып, білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған дейін, 2015 жылы бекітілген тізімге тек бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелері кірген.

Мамандардың пікірінше, лицензиялау жүйесі енгізілгеннен кейін мектепке дейінгі білім беру саласында сапасыз қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын реттеуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, бұл талап кәсіпкерлер үшін қосымша жауапкершілік жүктеп, материалдық-техникалық базаны жақсартуға ынталандырады.

Білім беру саласындағы бұл өзгеріс ата-аналар үшін де маңызды болмақ. Себебі лицензиясы бар балабақшаларда балалардың қауіпсіздігі мен білім сапасына ерекше көңіл бөлінетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Өңір жаңалықтары: Жетісайда су үнемдеу технологияларына басымдық берілген

«EL ARNA» телеарнасы жабылып, қызметкерлері «Хабар» агенттігіне орналастырылады

berdaly_oraz

Пікір жазу