Түркістан қаласының «Бекзат» шағынауданында 20 гектар аумақта өндірістік парк салынып жатыр. Жоба аясында 26 өндірістік ғимарат бой көтереді, оның 5-еуі толық аяқталып, инженерлік желілерге қосылған. Құны 7,6 млрд теңге болатын жоба үш кезеңмен жүзеге асуда.
Өндірістік аймақта жол құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, жақын күндері асфальт төсеу жұмыстары басталады. Барлық нысандарды биыл 15 мамырға дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, жалпы құны 11,8 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асады. Бұл жобалар аясында өлшеу құралдары, құрылыс панельдері, битум өнімдері, аккумуляторлар мен электронды құрылғылар өндіріледі. Нәтижесінде 600 жаңа жұмыс орны ашылып, инвесторлармен келісімдер жасау және жобаларды орналастыру жұмыстары жалғасуда.
