НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІ НАСИХАТТАП ЖҮРГЕН ӨНЕР ИЕСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәдениет саласының өкілі, дәстүрлі ән өнерін насихаттап жүрген әнші, термеші Татьяна Бурмистровамен кездесті.

Кездесу барысында ұлттық өнерді дәріптеу, қазақтың ән және терме мұрасын кеңінен насихаттау мәселелері сөз болды. Облыс басшысы дәстүрлі өнердің рухани құндылық ретіндегі маңызын атап өтіп, бұл бағыттағы еңбектің ел мәдениетін дамытудағы рөлі ерекше екенін жеткізді.

Өз кезегінде өнер иесі қазақтың төл өнеріне деген құрметі мен қызығушылығы туралы айтып, ұлттық мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу жолындағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында аймақ басшысы мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген өнер өкілдеріне қолдау жалғаса беретінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы мен «Самұрық-Қазына» қоры кәсіби кадр даярлауда әріптестік орнатты

berdaly_oraz

Түркістандық өнер майталмандары президенттің қолынан марапат алды

Түркістан: Нұралхан Көшеров Мақтааралдағы мақта өңдеу кәсіпорындарымен танысты

berdaly_oraz