ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛІП, ҚАРАЖАНТАҚҚА КІРМЕ ЖОЛ ЖАҢАРТЫЛУДА

Қаражантақ елді мекенінің тұрғындары көптен бері көтеріп келген мәселе өз шешімін таба бастады. Дермене ауылдық округіне қарасты ауылға кіреберіс жолдың тозығы жетіп, қатынасқа қиындық тудырып келген еді.

Қала әкімі Қайсар Маңқараевтың халықпен кездесуі барысында айтылған бұл өтініш назардан тыс қалмай, нақты іске ұласты. Бүгінде Қаражантаққа кіреберіс жолға асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жол құрылысы – тек инфрақұрылым ғана емес, ауыл тұрғындарының күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды сала. Жаңартылған жол арқылы тұрғындардың қатынасы жеңілдеп, қауіпсіздік деңгейі де арта түседі.

Жауапты мердігер мекеме тарапынан жұмыстар белгіленген талаптарға сай атқарылып, сапаға ерекше мән берілуде. Аталған жоба толық аяқталған соң ауылға қатынау әлдеқайда ыңғайлы болмақ.

Бұл – тұрғындар үніне құлақ асудың және халық сұранысына нақты жауап берудің айқын көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ТҮЛЕГЕН ТҰС – МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Redaktor Arysinfo

Созақ ауданында нашақорлыққа қарсы бір айлық акция басталды

berdaly_oraz