3 КҮНДІК ТЕКСЕРУ: ТҮРКЕСТАНДА РЕЙД БАСТАЛДЫ

Кешегі күні Түркістан қаласында қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауқымды рейдтік шара басталды. Қызметке Қарағанды облысы, Қызылорда облысы және Жамбыл облысы өңірлерінен келген полицейлер тартылды.

Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын Түркістан және Кентау қалаларынан бастап кетті. Алғашқы күннің өзінде-ақ жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды.

Атап айтқанда, көлік әйнектерін заңсыз күңгірттеген, техникалық байқаудан өтпеген, сақтандыру полисін рәсімдемеген және көліктеріне талапқа сай келмейтін қосымша жабдықтар орнатқан азаматтар тіркелді. Кейбір автокөліктерден ЛЕД шамдары мен арнайы қызмет көліктеріне ғана рұқсат етілген жарқылдауық маяктардың орнатылғаны белгілі болды.

Құқық бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Ауқымды рейд 3 тәулік бойы жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

750 сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді

Redaktor Arysinfo

Шымкентте 30 отбасы баспаналы болды: өндіріс пен инвестицияға да серпін берілмек

Redaktor Arysinfo

Халық қаһарманының ұрпағы: “Әкеміздің марапатын қанша жыл күттік…”