ТҮРКІСТАНДА БИЛЕР ИНСТИТУТЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан қаласында ұлттық тарих пен руханиятты дәріптейтін маңызды ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. «Ұлы Дала Елі» рухани-мәдени орталығы мен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Сейітқұл әулие Әйтеке би қоғамдық қорларының бастамасымен өткен жиын Ордабасы құрылтайының 300 жылдығына арналды.

«Қазақ қоғамындағы билер институты: тарих және тағылым» тақырыбындағы алқалы басқосу ел тарихындағы билер институтының қалыптасуы мен даму жолын терең зерделеуге, сондай-ақ ұлт бірлігін нығайтудағы тарихи тұлғалардың рөлін кеңінен насихаттауға бағытталды.

Конференция барысында қазақ билерінің әділдік пен ел басқарудағы үлгісі, олардың құқықтық мәдениет пен қоғамдық келісімді қалыптастырудағы орны жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, бүгінгі ғылым мен қоғам үшін осы тарихи тәжірибенің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Жиынның басты мақсаты – билер институтының тарихи сабақтастығын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жас ұрпаққа тағылымды мұра қалдыру екені айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста жылу маусымы толық басталды: әкім негізгі қазандықтардың жұмысын тексерді

berdaly_oraz

Түркістан: Ордабасы ауданында 200 орындық перинаталдық орталық салынады

berdaly_oraz

“Мен дайынмын!” — Асу Алмабаев UFC жеңісінен кейін октагонда жар салды

Redaktor Arysinfo