ТҮРКІСТАННЫҢ БАС ҚАҚПАСЫНДА ТАЙҚАЗАННЫҢ АЙБЫНДЫ МАКЕТІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Түркістан қаласында тарихи-мәдени мұраны ұлықтап, шаһардың туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған тағы бір ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Қалаға кіреберіс тұста, Шымкент бағыты жағында қазақ рухының символына айналған қасиетті Тайқазанның сәулеттік макеті орнатылып жатыр.

Аталған нысан тек көрнекі архитектуралық композиция ғана емес, Түркістанның рухани келбетін айшықтайтын маңызды белгі болмақ. Жоба аясында кіреберіс аумақ толықтай абаттандырылып, заманауи талаптарға сай ашық әрі ыңғайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру көзделген.

Макеттің жалпы биіктігі – 10,4 метр. Оның 2,4 метрі тұғырға тиесілі болса, диаметрі 12 метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары металлоконструкция негізінде жүргізіліп, сыртқы бөлігі шыныталшық материалымен қапталып, сәндік-көркем өңдеуден өтуде.

Бұл жоба Түркістанның тарихи болмысын жаңғыртып қана қоймай, шаһарға келген әрбір қонаққа ерекше әсер сыйлайтын жаңа сәулеттік нысанға айналмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Шардарадағы жағажай ретке келтіріліп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетілуде

Зейнетақы қорының ақшасы қайда кетті? Қаржы мамандары түсіндірді

berdaly_oraz

Түркістанда мектеп директорларына арналған облыстық форум өтті

Альфия Адамбек