КЕНТАУДА «ӨНЕРЛІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Кентау қаласында қосымша білім беру мекемелерінің «Өнерлі ұрпақ – жарқын болашақ» атты есептік концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шығармашылық кеш жас таланттардың бір жыл бойы жеткен жетістіктерін айшықтап, өнердің әр қырын көпшілікке паш етті.

Сахна төрінде ән мен күй әуелеп, мың бұралған бишілер көрерменнің ықыласына бөленсе, сахналық қойылымдар терең мазмұнымен ерекшеленді. Жас өнерпаздардың шеберлігі мен сахна мәдениеті олардың болашағына үлкен сенім ұялатты.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, сондай-ақ Түркістан облысы білім басқармасына қарасты қосымша білім беру және дамыту орталығының директоры Айсұлу Егембердиева қатысып, жас дарындарға ақжарма тілектерін арнады. Олар өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту – ел болашағына салынған инвестиция екенін атап өтті.

Кеш аясында робототехника, сурет және қолөнер үйірмелерінің көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың тың жобалары мен туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме жас буынның тек өнерде ғана емес, ғылым мен технологияда да қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.

Концерт соңында өнерлі жастар мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіріліп, ерекше ықылас көрсетілді.
Өнерге жақын өскен ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстағы тұқымбақ тәжірибесі басқа аудандарға ұсынылды

Түркістанда «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жұмысы жанданды

Созақта шегірткемен күрес жұмыстары басталды

berdaly_oraz