ТҮРКІСТАН ТАРИХЫН ТАНЫТАТЫН ИНСТАЛЛЯЦИЯЛАР ОРНАТЫЛУДА

Дереккөз, фото: Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан – тарихы терең, Ұлы Жібек жолының бойында қалыптасқан көне шаһар. Ежелгі кезеңде бұл өңір арқылы өткен сауда керуендерінің негізгі көлік құралы түйе болған. Сондықтан түйе бейнесі қаланың тарихи-мәдени болмысын айқындайтын маңызды символдардың бірі саналады.

Осы тарихи сабақтастықты заманауи форматта таныту мақсатында қалаға әуежай бағытынан кіреберіс бөлікте «Ұлы керуен» атты көркем инсталляция орнатылды.

Композицияда түйе бейнесі арқылы Ұлы Жібек жолының рухы, керуен мәдениеті және Түркістанның сауда орталығы ретіндегі тарихи маңызы көрініс тапқан.

Инсталляция заманауи көркемдік шешіммен орындалып, сюрреализм элементтері мен металлдан жасалған көпқабатты пішіндер арқылы қозғалыс пен уақыт ағымын бейнелейді.

Сонымен қатар, қаладағы ескі инсталляциялар қайта жаңғыртудан өтуде.

Мұндай шағын сәулет нысандары Б.Саттарханов даңғылы бойындағы алаңда және Этноауыл кешені аумағында да орналасқан.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 МВт ҚУАТТЫ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

berdaly_oraz

Ұстазды ұлықтау сөзден іске қашан көшеді?

Redaktor Arysinfo