Шаханов есімі көше атауына әзірге берілмейді

Алматыда Мұхтар Шаханов есімін көше атауына беру бастамасы қоғамда қызу талқыланғанымен, бұл мәселе жақын уақытта шешімін таппайды.

Қала тұрғындары Абдулла Розыбакиев атындағы көшені қайта атау туралы петиция көтерген. Алайда Алматы әкімдігі мұндай өзгерістердің нақты заңдық тәртіппен жүзеге асатынын ескертті.

Ресми мәліметке сәйкес, ұсыныс алдымен Алматы мәслихаты комиссияларында қаралып, кейін ономастикалық сараптамадан өтеді. Бұдан соң құжаттар Республикалық ономастикалық комиссия қарауына жіберіледі.

Тек барлық кезеңнен оң қорытынды алынған жағдайда ғана көше атауын өзгерту туралы шешім қабылданады. Мамандардың айтуынша, бұл үдеріс біршама уақытты талап етеді.

Сондықтан танымал ақын Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру мәселесі әзірге талқылау деңгейінде қалып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Балаларға тегін ота жасау туралы заң қарастырылып жатыр

berdaly_oraz

Қазақстан президенті Өзбекстан президентімен бірлескен жобаларға қатысты

berdaly_oraz

Ақордадағы кадрлық өзгеріс: Қазақстан дипломатиясына жаңа серпін бере ме?

Redaktor Arysinfo