ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАНТТАР САММИТІНДЕ АРНАЙЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Жақында Астана қаласында «Қазақстан – Сириус» II Халықаралық таланттар саммиті өтті. Ауқымды шара ғылым мен мәдениет саласындағы білім беру көшбасшыларын бір алаңға жинап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Саммитке Түркістан облысы, Отырар ауданындағы «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-ның информатика пәні мұғалімі Абылай Мұхтарұлы мен 10-сынып оқушысы Әлімхан Әлинұр қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.

Дарынды оқушы информатика пәні бойынша «Сәулет және қала құрылысы бағытындағы жобалық интенсив» тақырыбындағы жобасын сәтті қорғап, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың арнайы марапатына ие болды.

Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен ізденісінің, сондай-ақ жетекшісінің кәсіби біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Жоба жетекшісінің айтуынша, жұмыс барысында қала тұрғындарының қажеттіліктері мен инфрақұрылым мәселелері зерттеліп, талдау жүргізілген. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдары кеңінен қолданылған. Ұсынылған жобада қоғамдық кеңістіктерді дамыту, көлік қозғалысын оңтайландыру, жасыл аймақтарды көбейту, заманауи сәулеттік шешімдер мен тұрақты даму қағидаттары қамтылған.

Отырарлық оқушының бұл жетістігі – аудан мерейін үстем еткен жарқын жеңіс.

Ұқсас жаңалықтар

Оқушылардың көктемгі демалысы неше күнге созылады?

berdaly_oraz

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

Түркістан облысында интернет-алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ әшкереленді