САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫ «АУЫЛ FEST – 2026» САЙЫСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Дереккөз, фото: Сарыағаш ауд әкімдігі

Түркістан облысында ұлттық құндылықтар мен жастар белсенділігін насихаттауға бағытталған «Ауыл Fest – 2026» облыстық сайысы өз мәресіне жетті. Бәйдібек ауданының Мыңбұлақ ауылдық округінде өткен байқауға облыстың 17 қала-ауданынан 200-ге жуық жас қатысып, өзара бақ сынасты.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған додада Сарыағаш ауданының жастары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Сайыс барысында қатысушылар бес кезең бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, садақ ату, қошқар көтеру, арқан тартыс, күбі пісу және табаға нан пісіру бойынша шеберліктерін ортаға салды. Бұл кезеңдер жастардың ептілігі мен күш-қайратын ғана емес, ұлттық дәстүрге деген құрметін де айқындады.

Нәтижесінде Сарыағаш ауданының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Ауыл Fest» сайысы жастардың бірлігін нығайтып, ұлттық мұраны дәріптеуге бағытталған маңызды жоба ретінде ерекшеленді. Сарыағаш жастарының бұл жетістігі олардың белсенділігі мен ұйымшылдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы Жетісай ауданында үстел теннисі орталығы ашылды

berdaly_oraz

Арыс жастары «BIR TOLQYNDA» кешінде бас қосты

ТҮРКІСТАНДА ҚОСТАНАЙ ТЕАТРЫ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» СПЕКТАКЛІН САХНАЛАДЫ

Redaktor Arysinfo