«Ақ тізім- заңды,сатып алынған.Қара-ұрланған» 2025 жылдың 24 наурызынан бастап елімізде смартфондарды тіркеу жүйесі енгізіледі

2025 жылдың 24 наурызынан бастап Қазақстанда смартфондардың жаңа тіркеу жүйесі енгізіледі. Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларын смартфондардың IMEI кодтарын тексеруге және оларды үш тізімге бөлуге міндеттейді.Бұл туралы Arysinfo.kz хабарлайды.

Ақ тізім – заңды түрде сатып алынған смартфондар енгізіледі.

Сұр тізім – сатып алу заңдылығы күмән тудырған құрылғылар (мысалы, IMEI коды қайталанса) уақытша енгізіледі. Құрылғының иесіне 30 күн ішінде заңды түрде сатып алғанын дәлелдейтін құжат ұсыну қажет.

Қара тізім – ұрланған немесе жалған телефондар қосылады, бұл құрылғының желіге қосылуына жол бермейді.

Смартфондарды тіркеу үшін арнайы портал іске қосылады. Жаңа ережелер құрылғылардың бағасына әсер етпейді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: ҚХА-ның 30 жылдығы аясында этнос жастары арасында «БАБАЛАР ҮНІ» байқауы басталды

Өңір жаңалығы: Созақ ауданында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Тоқаев жаңа заңға қол қойды