АРЫСТА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары мен қонақтары!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қала орталығындағы Теміржолшылар саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарлама аясында әсем әндер шырқалып, көркем би қойылымдары ұсынылады. Сонымен қатар тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын думанды кеш өтеді.

Іс-шараның басталу уақыты – сағат 09:00-де. Мереке 1 мамыр күні өтеді.

Барша Арыс тұрғындары мен қала қонақтарын мерекелік іс — шараға шақырамыз. Бірлік пен татулықты дәріптейтін айтулы күнді бірге қарсы алуға асығыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қызметке GPA көрсеткіші бойынша конкурссыз тағайындалған жас маманның пікірі

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

berdaly_oraz

Ордабасыда жылына 30 мың тонна алюминий өнімдерін өндіретін зауыт салынуда