Дереккөз, фото: Арыс қаласы әкімдігі
✅ Арыс қалалық мәдениет үйінің жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен Байырқұм ауылдық клубында “Пай-пай, қазақтың келіндері -ай” атты келіндер арасында байқау болып өтті.
✅ Байқаудың мақсаты: Маңызды отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, қазақ келіндерін ұлттық рухта тәрбиелеу, ана тілін, ұлттық мәдениетін құрметтеу, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру.
🔰Байқау барысында қатысушылар
1.”Сәлемменен басталар сөз атасы” /таныстыру кезеңі /
2. “Өнер қуып ой түзе” / өз өнерлерін көрсету
3. Сұрақ-жауап / салт-дәстүрге байланысты
4. “Жақсы жеңгең -жарты анаң” қазақ келіндерінің аспаздық қабілетін анықтау / таба нан жабу, күбі пісу , қамыр жаю кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Іс-шараға әр ауылдық округтен өнерлі келіндер қатыстырылды. Нәтижесінде Жиделі ауылдық округінен қатысқан Көкенқызы Назипа жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, І- орынды иеленді.
Барша қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен диплом табысталды.
