Түркістанда жер қойнауын пайдалануға бақылау күшейді

Түркістан облысында жер қойнауын тиімді әрі заңды пайдалану мәселесі қатаң бақылауға алынды. Өңірде бүгінгі таңда кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын 221 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде 75-і келісімшарт негізінде, ал 146-сы лицензия арқылы жұмыс жүргізуде.

Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек төрағалық еткен жиында кеңінен талқыланды. Күн тәртібінде заңсыз қазба жұмыстарының алдын алу, сондай-ақ өңірдегі «қызыл нүктелердің» жай-күйі қаралды.

Жиын барысында жауапты мекемелерге жұмысты жүйелеп, өзекті мәселелерді бірлесіп шешу міндеті қойылды. Әсіресе, заң аясында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді.

— Әрбір мәселенің артында халықтың әл-ауқаты мен өңір экономикасы тұр. Сондықтан бюрократияға жол бермей, нақты әрекет ету керек. Заңсыз қазылған нысандарға тұрақты мониторинг жүргізіп, рейдтерді күшейтіп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту қажет, — деді Қанат Қайыпбек.

Айта кетейік, енді өңірде «қызыл нүктелерге» апта сайын рейдтік тексерулер ұйымдастырылып, заңсыз әрекеттерге жол берген тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданбақ.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте ер адам танысын террорлық топқа қосылуға үгіттеген

Арыс қалалық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне Мұхит Әсет Нұржанұлы тағайындалды

berdaly_oraz

ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ГРЕЙГ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ҚАЗЫҒҰРТТА  ГҮЛДЕДІ

Redaktor Arysinfo